Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білім саласы маңызды орын алады — академик

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин ғылым мен білім беруді ел дамуының стратегиялық басымдығы ретінде бекітуді көздейтін конституциялық реформаны қолдайтынын айтты. 

Фото: Үкімет

Оның айтуынша, ғылым мен мәдениеттің рөлін Конституция деңгейінде мойындау еліміздің алға жылжуының негізгі факторы саналады.

— Ғылым, ғалымдар, мәдениет, білім мемлекетімізді дамытудың стратегиялық басымдығы ретінде танылады. Бұл мемлекет іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдайтынын білдіреді. Медицина — ғылым ретінде осындай салалардың бірі. Конституцияда азаматтың денсаулығына қатысты құқығы бекітілген, — деп атап өтті Вячеслав Локшин.

Айта кетелік Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырған еді