— Біз қараша айында жаңа Конституцияның жобасын жариялаймыз. Осыдан кейін қоғамдық талқылаулар басталып, ұсыныстар қабылданып, қаралады. Бұл үдеріс құжат қоғамда жеткілікті деңгейде талқыланғанша жалғасады, — деді Никол Пашинян.
Осы ретте премьер-министр алдағы кезеңде үкіметтің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қою және оны ратификациялау екенін атап өтті. Дегенмен бұл мәселеге қатысты оппозиция өкілдерінің ұстанымы үкімет көзқарасымен сәйкес келмей отыр.
— Конституцияны қабылдау мәселесін парламенттік оппозиция қолдамаса, онда бұл олардың Әзербайжанмен бейбітшілік орнатуға қарсы екенін білдіреді. Мұндай жағдайда оппозицияға қоғам тарапынан қысым жасалатыны сөзсіз. Тиісінше, бұл қозғалысқа Армения басқарушы биілігінің өкілдері жетекшілік етуі тиіс, — деп атап өтті Никол Пашинян.
Еске салайық, таяуда премьер-министр Никол Пашинян жаңа Конституцияны қабылдау барысында оппозициямен өзара түсіністік табылмаса, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу мүмкіндігін қарастыратынын айтқан еді.