«Жаңа қоныс» телехикаясының түсірілімі басталып кетті (ФОТО)
Осындай тақырыпта хикая түсіру телевизия үшін бірегей тәжірибе болып табылады. Сондай-ақ, телехикаяның бірнеше ерекшеліктері бар. Онда Қазақстанның жағдайы жақсарып, ауыл адамдарының қалаға көшіп келіп, өз орындарын табу туралы баяндалады.
Телехикаяда қозғалатын тақырып - пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте таныс деп айтуға болады. Себебі, көрермен өзіне етене жақын оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қазақы қалжың-қағытпалар жылдам өрбіп отыратын шытырман оқиғалармен үйлескен телехикая көрерменнің көңілінен шығатынына сенімдіміз. Хикаяның негізгі кейіпкерлері - Мырзахановтар жанұясы. Телехикая сол отбасының жаңа пәтерге көшіп келу оқиғасымен басталады. Осылайша, олар армандарына жетем дегенше әр түрлі күтпеген жайттар орын алып, қызығы таусылмас күндер жалғаса береді.