Аудан өміріне қан жүгіртіп, тұрғындардың қуанышын арттырған жобаның жалпы шығыны 7,5 млн фунтты құраған көрінеді. Кешен құрамында спорт ғимараты мен мейрамхана да бар.
Сәулетші Боб Гош өзінің бұл жобасының мақсаты түрлі дін өкілдерінің басын қосатын мекенге айналдыру екенін айтады. "Бұл жердегі ғимарат 20 жыл пайдаланылмай келген. Қаланың бұл бөлігін жаңа мешіт арқылы тірілту керек", - дейді ол.