«Менің ойымша, зауыттың орналасатын жері, оның қуаттылығы, салынатын инвестициялар көлемі, өндірілетін өнімі бойынша сұрақтарға күзге қарай жауап беруге дайын боламыз», - деді министр Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағаты барысында.
Қ. Бозымбаев қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылғанын еске салып өтті. Жұмыс тобы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысып жатыр.
Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты шешім қабылдауды жеделдету қажеттігін айтқан болатын.