Жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 650 мың отбасы баспаналы болады – Асқар Мамин

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин биыл 2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қабылданатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы шамамен 13 млн шаршы метр тұрғын үй салужоспарланған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 500 мың шаршы метрге артық. Соныменқатар, тұрғын үй бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі әлеуметтік бағытқанегізделген. Жыл сайын 6 мың аз қамтылған отбасы мен 3 мың жұмыс істейтінжастарды баспанамен қамтамасыз ету міндеттемесін алдық. Мамырдан бастап оныіске асыруға кірістік. Барлық заңнамалықнормалар қабылданып, қажетті қаражат бөлінді», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Осы орайда Үкімет басшысы әлеуметтік бағыттағы тұрғын үйкөлемін толығымен беру және сатып алу бойынша нақты шараларды қабылдаукеректігін тапсырды.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр тұрғын үйді салуға, инженерлікинфрақұрылымды жеткізуге уақтылы дайындалудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы барлық тұрғын үй бағдарламаларын біртұтастұрғын үй саясатына біріктіруді тапсырды. Сондықтан биыл 2025 жылға дейінгіжаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қабылданады, оның аясында 650 мыңғажуық отбасы немесе 2 миллионнан астам адам жаңа тұрғын үймен қамтамасызетіледі», - деді Асқар Мамин.

Осы орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделімеморгандармен және ұйымдармен бірлесіп, қыркүйекте тиісті қаулы жобасынҮкіметке енгізуді жүктеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр осы жылы 6 ай ішінде тұрғын үйқұрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылғанын атапөтті.

Бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5 пайызға жоғары. 1 теңгемемлекеттік қаражатқа 7,4 теңге жеке инвестиция тартылды. Биылдың соңына дейін118 мың баспана (13 млн шаршы метр) салуды жоспарладық. Жартыжылдық қорытындыбойынша 48 925 баспана (5,7 млн шаршы метр) пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар