Жаңа оқу жылында Қызылордада қанша мектеп ашылады

Фото: Қызылорда облыстық білім басқармасы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Алдағы жаңа оқу жылында Қызылорда облысы бойынша 17 423 бала 1-сыныпқа барады.

Сондай-ақ өңірде жаңа мектептердің құрылысы қызу жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасы мәлімдегендей, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынды қамтитын 10 мектеп салынады. 

— Биыл 3 мың орынды 6 мектеп пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында 3 900 орынды 4 білім ошағы балаларға есігін айқара ашады. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының СПМК-70 шағынауданында — 1500, Қызылжарма шағынауданында — 600, Арай шағынауданында — 1500, Арал ауданының Сексеуіл кентінде — 300 орынға арналған оқу ордалары. Қалалық, аудандық білім бөлімдері онда білім алатын балалардың тізімін жасап, оқу-тәрбие процесін бастауға қажет ұйымдастыру шараларын қолға алды, — делінген хабарламада.

Фото: Қызылорда облыстық білім басқармасы

Бұдан бөлек, Арал ауданының Жалаңаш елді мекенінде де 150 орынды жаңа мектептің құрылысы қарқынды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 4 мектеп ашылып, 2 жеке мектеп қабылдау жүргізеді.