Жаңа оқу жылына арналған оқулықтар пәндік комиссия қарауында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті базасында Пәндік комиссиялардың жұмысы жүргізілді. Ата-аналар мен оқушылардың көптеген арыз-шағымынан соң, мемлекеттік қызметкерлер арнайы комиссия құрды. Олар барлық кітаптардың мектеп бағдарламасына сәйкестігінен бастап, әріп қателеріне дейін тексеру міндетін өз мойындарына алды.Бұл жұмысқа «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы жүргізген ғылыми-педагогикалық сараптаманың жұмыс нәтижесі қабылданды.

Комиссия жұмысының объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Пәндік комиссиялар құрамы анағұрлым кеңейтіліп, нығайтылды. 17 пәндік комиссия құрылды және олардың құрамында білім беру саласындағы 126 білікті мамандар болды. Сонымен қатар комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де енді.

Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің сөзіне сүйінсек, тарихта алғаш рет Пәндік комиссияның құрамы 40 адамға дейін кеңейтілді. Бұған дейін не бары 13 адам жабық түрде өткізіп, өздерінің шешімдерін жариялайтын. Осы жолғы комиссия құрамында әр өңірден келген ұстаздар, мектеп директорлары, ғалымдар, Бірғаным Әйтімова, Бекболат Тілеухан, Жамбыл Ахметбеков т.б. қатарлы Сенат пен Мәжіліс депутаттары болды. Ал кітаптарды, оқулықтарды жарыққа шығару үшін отандық та, шетелдік те баспалар арасынан 12 баспа қатысты.

Сонымен қатар Пәндік комиссия еліміздің 16 облысында жасалған педагогикалық сараптама нәтижелерін,сол секілді, еліміздің 30 мектебінде өткізілген апробация, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту деңгейіне арналған 1010 аталым оқу әдебиеттері, 2, 5 және 7 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, арнайы (коррекциялық) мектептерге оқу әдебиеттері, қосымша әдебиеттер және электрондық тасымалдағыштардағы оқу басылымдары ұсынылды. Соның ішінде 197-сі оқулық. Нақтырақ айтсақ, 2-сыныпқа арналған 62 оқулық, 5-сыныпқа - 63 және 7 сыныпқа - 72 оқулық қаралды.

Оқулықтардың қаралу үстіндегі жобалары «Оқулық» ҒТО-ның ресми сайтында жарияланған.

Пәндік комиссия мүшелері оқулықтарды сынақтан өткізу мен қоғамдық бағалау қорытындыларын және ғылыми-педагогикалық сараптама нәтижелерін талдап, Республикалық комиссия қарауына білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылатын оқу әдебиеттері жөнінде ұсыныстарын енгізді.

Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық білім басқармаларының басшылары, ғалымдар, мектеп директорлары және мұғалімдері, сонымен қатар пәндік комиссиялардың мүшелері қатысты.

Республикалық және пәндік комиссиялар 2-сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар, 5 және 7-сыныптарға арналған баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту деңгейіне, арнайы мектептерге арналған оқу басылымдарын және баска да қосымша әдебиеттерді іріктеп алды.

Әр пән бойынша 2, 5, 7 -сыныптар үшін оқу-әдістемелік құрал, оқу-әдістемелік кешен, оқулықтарға жүргізілген экспертиза нәтижелері қаралатын Пәндік комиссия жұмыс істеп жатқан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Министр ОМК, ОМҚ, оқулықтарға жасалып жатқан экспертизаның 3-кезеңінің өткізілу барысымен танысып шықты.

Отырысқа қатысушылар оқу әдебиеттерін әзірлеуді, сараптауды және іріктеуді әрі қарай жақсарту үшін нақты ұсыныстарын жасады.