Бұндай тапсырманы Үкімет басшысы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында жүктеді.
Үкімет басшысы жаңа оқу жылына дайындық шараларын үнемі бақылауда ұстау керек екеніне тоқтала келе, «жаңа оқу жылына 2 апта ғана уақыт қалды. Атап айтқанда, барлықтарыңыз бұл саладағы кемшіліктерді білесіздер және оларды жою бойынша жұмыстарды дер кезінде атқарыңыздар»,-деді. Осы орайда К. Мәсімов Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа алдағы міндеттер бойынша шараларды қадағалауды жүктеді.
Үкімет отырысы соңында Премьер-Министр жаңа оқу жылы аясында шешілмеген мәселелер болған жағдайда, қыркүйектің соңында немесе қазанның басында барлық жауапты тұлғалар тиісті жауапқа тартылатынын ескеріп өтті.
«Бұл салада қандай да бір жағдайлардың туындауына байланысты шұғыл әрекет ету қажет»,-деп түйіндеді Үкімет басшысы.
Б. Жұмағұловтың мәліметіне қарағанда, биылғы жаңа оқу жылында республика бойынша 1-ші сыныпқа 260 мыңнан астам оқушы барады. Жалпы 1-ші қыркүйекте Қазақстанда жалпы 7 741 мектептің есігі ашылады. Жаңа оқу жылында республикада 2,5 миллионнан астам оқушы білім алатын болады.