Жаңа оқу жылында 240 мыңдай балдырған мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды

СТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Жаңа оқу жылында 240 мыңдай балдырған мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, бірінші сыныпта барғалы отыр.

ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа оқу жылында республиканың барлық 7525 мектебінде 2 488 978 оқушы білім алатын болады. Биыл сондай-ақ, оқу жылының басталуына 40 жаңа мектеп пайдалануға беріліп отыр.

Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, еліміздің барлық мектептерінде бүгінгі Білім күні бірінші сабақ «Елбасы мұраты - ел бақыты, гүлденген Қазақстан» деген тақырыпта өтеді.