"1-қыркүйектен бастап біздің оқытушылармыз біліктілігіне қарай жаңа үстеме алады. Мәселен, жоғары дәрежелі оқытушылар базалық жалақысының 100 пайыз, 1-дәрежелі оқытушылар - 50 пайыз, ал 2-дәрежелі оқытушылар - 30 пайызына дейін үстеме алады. Бұл үдеріс мұнымен аяқталмайды. Өсудың келесі кезеңі оқытушылардың біліктілігін көтеруге байланысты болады", - дейді Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. Б. Тұрсынұлының айтуынша, жоғары оқу орындарында оқытушыларды дайындау түбірімен жаңарады. Мемлекет басшысының қолдауымен қазір министрлік педагогикалық мамандарды оқытудың тұжырымдамасы мен стандартын қайта қарап жатыр. Болашақ педагогтар стипендиясын көтеру және педагогикалық жоғары оқу орындары үшін грант құнын 60 пайызға ұлғайту мәселесі қойылуда. Мұның бәрі мұғалім мамандығын оқудың беделін көтеріп, оған таланты жастарды тартуға мүмкіндік береді.
17:41, 23 Тамыз 2011
Жаңа оқу жылында біліктілігіне қарай мұғалімдердің жалақысы өседі - Бақытжан Жұмағұлов
МАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Педагог - барлық білім жүйесінде ең маңызды тұлға. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан білім беру қызметкерлерінің он-лайын жүйесіндегі "Отбасы. Мектеп. Қоғам - игілікті болашақ үшін" деген тақырыптағы дәстүрлі тамыз кеңесінде айтылды.