Жаңа оқу жылындағы міндет - мемлекеттік білімнің жаңа үлгісін сапалы орындау - Алматы қалалық білім басқарамасының бастығы Рахат Шимашева
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қалада 105 мың орынға арналған 110 кішігірім орталықтар ашу жоспарлануда.
Ол сонымен қатар, Алматы қаласының білім ошақтарында қазақ тілін үйренуге ерекше назар бөлініп жатқандығын атап өтті. «Соңғы жылдарда қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны өсті. 2005-2010 жыл аралығында 14 мектеп ашылды. Мемлекеттік тілде оқитын балалардың саны да едәуір артып, оның саны 7000-ға жетті», деді Рахат Шимашева.
«Бірінші рет Жетісу ауданында балабақшаға кезекке тұруға арналған электрондық тәжірибе жүргізілуде. Бұл кезекке тұру жағдайының ашық түрде болуына және жемқорлықты жоюға септігін тигізбек. 2014 жылға дейін біз балабақшаға баратын баланың 70 пайызын қамтуды жоспарлап отырмыз. Қалада 139 мемлекеттік және 36 мемлекеттік емес балабақшалар бар. 37 100 бала 175 балабақшаға барып жатса да, әлі 22 200 балаға орын жетпеуде. Бұл ретте «Балапан» бағдарламасы бойынша жаңа балабақшалар салынып, қолданысқа беріліп жатқандығын атап өткім келеді», деді ол.
Кеңес барысында білім басқарамасының бастығы Рахат Шимашева қаланың білім саласындағы жетістіктерімен бөлісті. «Қаламыздың төрт мектеп гимназиясы еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енді. 2010 жылы ҰБТ-ның орташа балы 86,8 болды, мектеп түлектерінің 80,3 пайызы, 144 түлек «Алтын белгіге» лайық екендерін дәлелдеді. Биыл бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 10,3 пайызға жоғары. Биыл мектептің оқушылары әр түрлі олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың 132 жүлделі орындарына ие болды. Ғылым, музыка және өнер саласындағы талантты, дарынды деген 99 оқушы «Үркер» алтын белгісінің иесі атанды», деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылындағы ендігі міндет, мемлекеттік білімнің жаңа үлгісін сапалы орындау.