Жаңа оқу жылының қарсаңында әкімдікте «тікелей желі» жұмыс істеуде

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылының қарсаңында Астананың білім басқармасында  55 68 70, 55 68 72 телефондарымен хабарласуға болатын «тікелей желі» жұмыс істеуде.

Қалалықтар мектептерге шағын учаскелер бойынша үлестіру, мектеп жәрмеңкесін өткізу орны мен уақыты туралы толық ақпарат алып, сондай-ақ Астана қалалық білім басқармасының көрсететін қызметтері бойынша кеңес ала алады, деп хабарлайды «Бәйтерек» Халықаралық медиа-орталығынан.

Естеріңізге сала кетейік, білім басқармасының мемлекеттік қызметтері жөніндегі ақпаратты  www.e.astana.kz . сайтынан алуға болады.