Жаңа оқу жылының қарсаңында Алматы мектептері жаңа автобустарға ие болды

АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов балалар үйлері мен мектеп-интернаттарға, қала шетінде орналасқан мектептерге оншақты автобустың кілтін табыс етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Автобустарды тапсыру шарасына ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала әкіміне бизнес қауымдастықпен табысты әріптестігі мен білім саласына қамқорлығы үшін алғыс білдірді.Ол өз сөзінде биылғы оқу жылының басталуы қасиетті Рамазан айымен сәйкес келуін атап өтіп, барлық кәсіпкерлерді жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетуге шақырды.

 Қала әкімі табыс еткен автобустарды алуға «Аrline» компаниясы 80 миллион теңге бөлген.Компания директорының орынбасары Нұржан Нұрбаевтың айтуынша, бизнес-қауымдастықтар мемлекетке жастарды тәрбиелеуге көмек көрсетуі керек. «Кәсіпкерліктің дамуы үшін біздің елімізде барлық жағдай жасалған.Сондықтан біздер табыс табумен қатар жағдайы нашарларға көмектесуіміз керек», деді ол.