Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, телехикая зейнеткерлікке шығып, танымал блогер және жастардың тәлімгері атанған ауыл ақсақалының өмірі туралы баяндайды.
Оқиға Жамбыл облысының Шу ауданында өтеді. Бас кейіпкерлер - Жомарт ағаның отбасы және ауылдастары. Туындының режиссері - «Әпке», «Агент Z» және т.б. телехикаяларымен танымал Мұрат Бидосов. Туынды әзіл-оспаққа негізделсе де, отансүйгіштік, үлкендерге деген құрмет, Отанға, отбасыға деген махаббат тақырыптары кеңінен насихатталады. Хикая барысында отандық өндіріс өнімі және заманауи технология жетістіктері көрсетіледі.