«Бүгін Мəжілістегі үш фракция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірауыздан депутаттардың уəкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы үндеу жариялады. Депутаттардың пікірінше, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім орынды. Себебі, бірқатар геосаяси оқиғалар мен экономикалық дағдарыс басталған 2015 жылдың басында осы сын-қатерлердің алдын алк үшін жаңа шараларды қолға алу керек болды. Сондықтан, еліміз маңызды бағдарламаларды қабылдап, Үкімет дағдарысқаі қарсы шараларды қолға алды. Міне, сол аралықтан бері Мəжіліс қарқынды жұмыс атқарды. Яғни, шамамен 80 жуық заң жобасын қабылдаған Мəжіліс бес институттық реформаның заңнамалық негізін қалыптастырып берді. Енді Қазақстан халқына үндеу арнай отырып, жаңа бағдарлама - 5 институттық реформаның бастауында халықтың саяси шешім қабылдауына мүмкіндік беру керек. Сондықтан, парламенттегі фракциялардың əрқайсысы жеке-жеке отырыстарын өткізіп, кəсіби біліктілігі жоғары жаңа парламент қалыптастыру үшін осындай ортақ шешімге келді",-дейді депутат.
Сонымен қатар, депутат парламентшілер Мəжіліс депутаттарының сайлауымен қатар мəслихат сайлауын өткізу туралы бастама көтергенін еске салды.
"Егер үндеу қолдау тапса, онда сайланатын жаңа Мəжіліс нарықтық жағдайды өте жақсы түсінетін депутаттардан құралуы керек. Себебі, егер депутат нарықтағы жағдайды білмесе, əлеуметтік əділетті мемлекет құрылмайды. Екіншіден, жаңа парламенттің құрамы жастардан құралса, нұр үстіне нұр болады",-дейді Е. Никитинская.