Оның сөзінше, бүгінгі елде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама түрлі пікірлер мен көзқарастарды тоғыстыратын, терең қарастырылған, бүгінгіден де сапалы заңдарды қажет етеді.
«Осы ретте бүгінгі Парламент құрамының жан-жақты, түрлі саланың өкілдері екендігін айта кеткен жөн. Депутаттар жас жағынан болса да, жалпы құрамы жағынан болса да әркелкі. Айта кететін мәселе, әйел азаматтар саны басым. Бұл да көппартиялы жүйенің ерекшелігі. Егер Парламент бір мандаттық болған кезде мұндай жағдай әрине, болмас еді»,-деді халық қалаулысы.