Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе — 9,5%, Талдықорған — 7,2%, Қызылорда — 7,1% қалаларында қымбаттаған.
Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (14,1%), Астана (6%) қалалары бастаса, тұрғын үйді жалға алу нарығында — Талдықорған (28,1%), Қарағанды (24,6%), Жезқазған (22,6%) мен Петропавл қалалары алда (22,5%).
Бір айдың ішінде (2024 жылғы маусым 2024 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату — 0,6%, жаңа тұрғын үйді сату 0,4% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі маусымда өткен аймен салыстырғанда 0,3% жоғарылады.