Жаңа протез-қол мүгедектің жазу жазуына мүмкіндік берді

АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - Израиль ғалымдары аурудың жүйке жүйесіне екіжақты байланысты қамтамасыз ететін және айырылған қолдың барлық негізгі функцияларын орындауға мүмкіндік беретін протез-қолды іске қосатын интерфейсті жасап шығарды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

Тель-Авив университетінің зерттеушілері шведтік және итальяндық ғалымдар әзірлеген функционалды протез-қолды аурудың жүйке жүйесіне қосуға қол жеткізді.

SmartHand  деген атауға ие болған эксперименталды құрылғыны алған алғашқы мүгедек швед Робин аф Экенстам (Robin af Ekenstam) протезді өз қолы сияқты сезінетінін мәлімдеді. Бірнеше жаттығулардан кейін ол жасанды қолмен тамақ ішу және жазу жазу сияқты күрделі қимылдарды орындауға дағдыланды.