Жаңа рекорд: Стамбұл әуежайы жолаушы тасымалы бойынша көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Стамбұл әуежайы 16 тамызда 1739 рейс пен 290 287 жолаушыға қызмет көрсетіп, Түркия мен Еуропада тәуліктік рейстер және жолаушылар саны бойынша абсолютті рекорд орнатты. Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу .

Фото: besthouseturkey.com

Уралоглу өз мәлімдемесінде Стамбұл әуежайының 16 тамыздағы тәуліктік жолаушылар ағыны мен рейстер саны туралы деректерді келтіріп, әуежайдың жаңа рекорд орнатқанын атап өтті.

– Стамбұл әуежайы 16 тамызда 1739 рейс пен 290 287 жолаушыға қызмет көрсетіп, Түркия мен Еуропа тарихындағы тәуліктік рейстер мен жолаушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді, – деді ол.

Министр Стамбұл әуежайының халықаралық авиациядағы стратегиялық маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

– Өткізу қабілеті, қуатты инфрақұрылымы және қызмет көрсету сапасының жоғарылығы арқасында Стамбұл әуежайы әлемдегі жетекші әуежайлардың қатарына кіреді. Жаңа рекордтар оның жаһандық транзиттік хаб ретіндегі позициясын одан әрі нығайтып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті, – деді Уралоглу.

Еске сала кетсек,