ҚР Инвестициялар және даму министрлігі аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) мәлімдеуінше, бұл зымыран тасығыш Қазақстан мен Ресейге ортақ «Байтерек» ғарыштық зымыран кешенінің құрамдас бөлігі болғандықтан, қазақша атау беріліп отыр.
11:37, 18 Шілде 2016
Жаңа ресейлік зымыран тасығышқа «Сұңқар» атауы берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Феникс» тәжірибелік-құрастыру жұмысы аясында қолданыстағы федералдық ғарыш бағдарламасы әзірлеген орта класстағы зымыран тасығышқа қазақша «Сұңқар» атауы берілді.