Жаңа Салық кодексі: Қазпоштаның жұмыс шарттарын жетілдіру ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің алаңында Қазпошта қызметінің шарттарын жетілдіру жайы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Үкіметі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселенің бірі — ұлттық пошта байланысы операторы «Қазпошта» АҚ қызметін салықтық реттеудің жекелеген аспектісі.

Фото: ҚР Үкіметі

Компания өкілдері отырыс барысында қатысушыларды салық заңнамасының кейбір ережелерін іс жүзінде қолдануды, олардың кәсіпорынның қаржылық қызметіне әсері туралы хабардар етті. Сондай-ақ қолданыстағы реттеу тетігін одан әрі жетілдіруге арналған ұсыныстар қаралды.

Фото: ҚР Үкіметі

Отырысқа қатысушылар Қазпоштаның әлеуметтік маңызы бар функцияларының тиянақты орындалуы мен халыққа әмбебап пошта қызметін көрсету мәселесін ерекше назарға алды. 

— Талқылау түйіні, «Қазпошта» АҚ Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде әмбебап пошта қызметін қаржыландыруды жетілдіру ісін пысықтауы қажет, — делінген хабарламада.

Фото: ҚР Үкіметі

Бұған дейін «Қазпошта» ауылдағы бос ғимараттарды әлеуметтік нысандарға беруді пысықтап жатқанын жазған едік.