Олар бизнес үшін салық саясатын қатаң болып бара жатқанын жасырмады. Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев салық кодексінің күрделілігіне байланысты бизнестің бір бөлігі көлеңкеде қалуы мүмкін екенін жеткізді. «БК Audit» компаниясының директоры Айжан Балакешова жаңа салық кодексінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді. Кәсіпкерлердің тәуелсіз бірлестігінің төрағасы Қанат Елеусізов салық заңнамасы мемлекеттік реттеу саласына кірмейтінін айтты.
«Салық кодексінде тексеру, айыппұлдар сияқты құралдар бар. Мұның бәрі мемлекеттік реттеуге қатысты. Біз бұл кодекстің заңға тәуелді актілерге айналу қаупін көріп отырмыз. Бұйрық ешкімнің келісімінсіз шығарылды. Салық кодексі бизнесті жояды деп айтуға әбден болады», - деді ол.
Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Ерлан Сағнаев жаңа салық кодексі бойынша жұмыс тобы барлық ұсыныстарды талқылап жатқанын, өтініштер жерде қалмайтынын айтты.
«Бізге мыңнан астам ұсыныс түсті. Сарапшылар бизнес мәселелерін талқылауға қатысты. Кодекс жобасын әзірлеумен қатар біз халықаралық сарапшылармен тәсілдер турасында көп кеңестік. Дүниежүзілік банк те, Халықаралық валюта қоры да бірауыздан бізге былай дейді: «Әріптестер, арнаулы салық режимі – бұл салықтық міндеттемелерді оңайлатылған орындаудың бір түрі ғана және салықтық міндеттемелерді орындауды қысқарту деген сөз емес», - деді Сағнаев.
Министрлік өкілі мемлекеттің маңызы бар орасан істерді жоққа шығармауға шақырды. Салық кодексінің барлық жобасы бизнестің де, халықтың да талап-тілектеріне сай екенін атап өтті.