Жаңа Салық кодексіне сәйкес, Энергетика министрлігін жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарды қайта бекітуде ауқымды жұмыс күтіп тұр-Премьер-Министр

None
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жаңа Салық кодекісінде жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын арадағы келісім-арттардағы «тұрақтылық» түсінігі алынып тасталды. Сондықтан Энергетика және минералдық ресурстар министрлігін жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарды қайта бекітуде ауқымды жұмыс күтіп тұр.
Бұл туралы бүгін аталмыш министрліктің кеңейтілген алқасында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«2009 жылғы қаңтардың 1-нен бастап жұмыс істей бастаған жаңа Салық кодексінің Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қызметі аясына кіретін ұйымдар үшін маңызы зор. Жаңа Салық кодексінде, қабылданған немесе әзірленіп жатқан ілеспелі заңнамалық актілерде, біз «келісім-шарттардың тұрақтылығы» түсінігін алып тастадық. Жаңа заңнамаға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттар негізінде емес, қолданыстағы заңнама негізінде жұмыс істейтін болады. Осыған байланысты Энергетика минирстрлігін жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарды қайта бекітуде ауқымды жұмыстар күтіп тұр», деді алқада Үкімет басшысы. Оның айтуынша, бұл оңай шаруа емес, айтарлықтай күрделі, алайда аса қажет. Сондықтан бұл жұмысты мүмкіндігінше тез арада аяқтау керек.