«Фискалдық реттеуді қайта жаңғырту мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленеді. Салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 2030 жылға дейінгі салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді», - деді министр.
Оның атап өтуінше, Президент қойған жаңа міндеттер бюджеттік жоспарлауды бюрократиядан арылтуға және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге байланысты жұмыстың қисында жалғасы болады.
«Сондықтан Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасының ережелерін және басқа да өзекті мәселелерді қамтитын жаңа Бюджет кодексін әзірлеу тиімді және үнемді бюджет саясатын қамтамасыз етуге жаңа серпін береді. Жаңа салық және бюджет кодекстерін әзірлеу қоғаммен бірлесіп және сарапшылардың, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі», - деді Әлібек Қуантыров.