Рухыет сарайында қайта сайланған Президентті ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Лауазымына кіріскен мемлекет басшысы жиналған қауымның алдында сөз сөйлеп, таяу жеті жылға арналған елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі қағидаттарын белгіледі.
Құрметті қарауыл әскерінің салтанатты маршымен рәсім аяқталғанда залдан Түркіменстан Мемлекеттік туын, Президент Штандартын, Түркіменстан Конституциясын, қасиетті Құранды «Огузхан» президенттік сарай кешеніне жеткізді.
Үкіметтің жаңа құрамын бекіткенге дейін оның мүшелеріне өз міндеттерін орындау тапсырылды.