Жаңа сайлау Ұлт жоспарына, экономика мен елді дағдарыстан қорғау міндеттеріне жұмылуға мүмкіндік береді - Н. Әбдіров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа сайлау мемлекет пен қоғамды Ұлт жоспарына, экономика мен елді дағдарыстан қорғау міндеттеріне жұмылуына мүмкіндік береді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бесінші сайланған Парламентті тарату және жаңа сайлауды тағайындау туралы ҚР Президентінің атына жолданған Үндеуді жариялаған депутат Нұрлан Әбдіров осылай мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, реформалар мен дағдарысқа қарсы саясатты тиімді жүргізу үшін биліктің мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның барлық тармақтары үйлесімді жұмыс істеуі қажет. «Жаңа сайлаулар мемлекет пен қоғамды Ұлт жоспарына, экономика мен елді дағдарыстан қорғау міндеттеріне жұмылуына мүмкіндік береді. Бұл еліміздің барлық азаматтарын толғандыратын өте маңызды міндет. Осы ретте біз кезектен тыс сайлау күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты қоғамдық мәміле мен келісімді нығайта түсетініне сенімдіміз. Осының барлығы ішкі саяси бірлік пен тұрақтылықты нығайтып, Елбасының мемлекеттік бағдары айналасында бірігу үшін қажет. Бұл онсыз еліміз жаһандық сынақтар кезеңінен абыроймен өтуі мүмкін емес аса маңызды кезең», - деді Н. Әбдіров.