Жаңа сайт ашылды ? «Миграция.kz»

Фото: None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Миграция.kz» http://migration.ucoz.kz. жаңа сайты ашылды.
Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа белгілі қоғам қайраткері, «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың Алматы конфедерациясының президенті, профессор Ләйла Ахметова хабарлады.Сайтқа көші-қон, босқындар бойынша материалдар, тиісті ведомстволардың есептері мен мамандардың түсіндірмелері шығарылады және жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазіргі уақытта сайт әлі толықтырылмаған, жұмыстар жалғастырылуда.