Жаңадан сайланған сенатор ант берді

Фото: qazaly.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат құрамының жаңа депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов ант қабылдады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін», - деді Наурызбай Байқадамов.

Сондай-ақ сенатор Амангелді Нұғманов Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің құрамына сайланды.

Еске салсақ, Сенатта ресейлік мұнайды Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауға қатысты құжат қаралатынын жазған едік.