«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың – өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар Парламент Сенатындағы отырыста. Еске сала кетейік, 12 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Парламенті Сенатына тағайындалған депутаттардың есімдерін жариялаған болатын.
13:18, 02 Қыркүйек 2019
Жаңа сенаторлар ант берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңадан сайланған сенаторлар Нұртөре Жүсіп, Андрей Лукин, Дана Нұржігіт, Қанатбек Сафинов, Ләззат Сүлейменова және Асқар Шәкіров Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.