Александрдың айтуынша, ол 15 жылдан бері ат мінеді, сондықтан да жастардың ат спортына ден қоюын, салауатты өмір салтын ұстанып, бәйге сияқты ұлттық ойындарды дамытқанын қалайды.
«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашыл болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа Шүлбі ауылындағы жаңа ипподром «Туған жер» арнайы жобасының аясында салынды», - дейді өңірдің ақпараттық орталығындағылар.
Ипподром салтанатты түрде ашылған соң, онда ат жарыстары өтті. Оларға көрші Абай, Жарма, Көкпекті және Глубокое аудандары мен Семей, Павлодар, Зырян, Шемонаиха қалаларынан да шабандоздар қатысты.
Бұдан тыс қазақтың асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту сияқты ұлттық ойындары да ұйымдастырылды. Ауылдың айтулы күнінде аудандық Мәдениет үйінің әртістері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Мереке қорытындысына орай, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
01:31, 12 Қазан 2017
Жаңа Шүлбі ауылында фермер ипподром салып, ауылдастарына сыйлады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-ның Бородулиха ауданында жаңа ипподром салынды. Оның құрылысын жергілікті шаруа қожалығының басшысы Александр Подкорытов өз қалтасынан қаржыландырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.