Агенттік басшысы Елбасы кадрлардың «командалық ауысуды» тоқтату туралы тапсырма бергенін айта келе: «Осыған орай заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін, яғни заңнаманың пәрменділігін сипаттайтын теңдесі жоқ көрсеткіш - ол былтырғы жылмен салыстырған мемлекеттік органдар арасындағы ауыс-түйіс 50 есеге азайды», - деді.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік органдардың басшысы жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін, өзімен бірге ведомствоның өзге қызметкерлерін ауыстырып алатын «командалық ауысу» тәжірибесі іске асырылып келген еді.
«Егер былтыр екінші тоқсанда 3,5 мың тағайындау мемлекеттік органдар арасында ауысым тәртібімен болса, биылғы екінші тоқсанда 65 тағайындау ғана жүзеге асырылды. Ол заңның көрсетілген мүмкіндіктері аясында пайдаланылды», - деді Ә. Бәйменов.