Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Жаңа Ташкентке сапары кезінде жоспармен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге таныстып өтті.
Жаңа Ташкенттің аумағы 20 мың гектар жерді құрайды. Алдағы сегіз жыл ішінде онда 200 мың пәтер салу жоспарланған, ал қала ақырында 2 млн-ға дейін тұрғынды орналастыра алады.
Жобаның бірінші кезеңі заманауи тұрғын үй кешендері, әлеуметтік және бизнес нысандары, сондай-ақ білім беру және мәдени мекемелердің құрылысын қамтып отыр.
Жоба аясында Шавкат Мирзиёев пен Ильхам Әлиев Өзбекстанның Низами атындағы ұлттық педагогикалық университетінің жаңа кампусының ашылу салтанатына да қатысты.
Бұдан басқа, қалада мемлекеттік мекемелер, ғылыми және мәдени орталықтар, қонақ үйлер, қызмет көрсету және іскерлік кешендер салынады.
Қала құрылысы кезінде заманауи урбанистика, «жасыл қала» және энергия тиімділігі қағидаттарына басымдық беріледі. Жер асты инженерлік желілерін тарту, энергия үнемдейтін технологияларды пайдалану және кең жасыл аймақтар мен қоғамдық кеңістіктерді құру көзделген.
Жаңа қаланың маңызды құрамдас бөлігі көлік инфрақұрылымы болмақ. Жаңа көпірлер, метро желісі, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары Жаңа Ташкент пен астананың қазіргі бөлігі арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді.
Осыған дейін Ташкент модернизмінің 10 сәулет нысаны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгенін жаздық.