Атап айтқанда, «Technological Super Market» компаниясы Көкшетауда энергия үнемдеу технологиялары негізінде бірегей жобаны жүзеге асыруда.
Аталған компания немістің INFATEC технологиясы бойынша қалада қазіргі заманғы пенополистерольдік тақташалар мен клинкерді өндіруге арналған зауытты іске қоспақ.
Клинкерлік кірпіш пен тақташалар жергілікті балшықты пайдалану арқылы өндіріледі. Сонымен қатар бұл технология арқылы 70-тен астам түрлі пенопластикалық өнімдерді шығару көзделіп отыр.
Бұл бағыттағы жаңа технологиялар үй жылытуға және баспанадағы энергия үнемдеуді бірден 40 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Компания германиялық кәсіпорындармен серіктестікте осы жобаны жүзеге асырмақ және шетелдік компаниялар жаңа өндіріске инвестиция салып, оны 24 айдың ішінде іске қосуға ниетті.
Жоба қазақстандық-германдық үкіметаралық келісімнің негізінде ҮИИД МБ аясында жүзеге асырылуда.
«Technological Super Market» ЖШС мен немістің «GETI GmbH German Engineering, Trade & Investments» компаниясы жергілікті өнеркәсіптік өндіріске өз үлестерін қоспақ. Жобаның жалпы құны 320 млн. долларға бағаланып отыр.