«Бұл әншінің соңғы байқауы емес. Бір жылдай демалыс алатын боламыз, оны Әдемі өзі шешеді. Жақын арада әдемінің шығармашылық альбомына кірістік. Ал келер жылдың басында жеке альбомы жарық көреді», - деді Р.Ғайсин.
Сонымен қатар, оның атап өтуінше, Әдемінің бір қазақша және бір орысша әніне Жаңа жылға дейін бейнеклип түсіру мәселесі пысықталу үстінде.
«Әдемінің алдағы уақытта межелеп отырған негізгі жоспарлары осылар. Ал әзірше, байқаудан кейінгі демалыста», - деді әншінің музыкалық продюссері.
Айта кетейік, Сочи қаласында өткен Халықаралық «Жаңа толқын - 2015» байқауына қатысқан қазақстандық әнші Әдемі екінші орынды жеңіп алған болатын.