«Жаңа толқын» Халықаралық ән байқауында ел намысын Қайрат Түнтеков қорғайды

None
strong> Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Биыл Латвиядағы Юрмала қаласында шілде айының 27-і күні басталатын жылсайынғы «Жаңа толқын» Халықаралық байқауына Қазақстан атынан әнші Қайрат Түнтеков қатысады.

Ол жақында Мәскеу қаласында өткен іріктеуден байқаудың ақтық сынына жолдама алды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Қайрат Түнтековтың және «ADAM Production» Бас продюсері Динара Адам мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Мәскеуге Қазақстаннан 15 конкурсант барған. «Біз үшін тыңдау 3 күн өтті, негізінен әр елге 2 күннен берілген. Мәскеуде болған төрт күн ішінде бәріміз бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Байқауға қатысуға 12 000 өтініш берілді, біздің елімізден бірнеше адам финалға өтті. Олардың қатарында әншілер Бөрте, Марсель, «Сленг» тобы болды», деп атап өтті жиын барысында Динара Адам.

Оның айтуынша, конкурсқа дейін әлі 2 ай бар. «Бірақ, біз қазірдің өзінен бастап дайындыққа кірісіп кеттік», деді Қайрат Түнтековтың Бас продюсері.

Ол сондай-ақ, өнер байқауын Қазақстан Ұлттық телеарнасы көрсететінін айтты.