Жаңа туған қазақстандық нәрестелер арасында ең көп таралған есімдер - Ерасыл мен Аружан

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - 2010 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Қазақстанда туған нәрестелер арасында ең көп таралған есімдер - Ерасыл мен Аружан болып отыр,

деп хабарлайды ҚР Статистика жөніндегі агенттігі.

2010 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Қазақстанда туған нәрестелер арасында ұлдардың ең көп таралған есімдері: Ерасыл - 1255 бала, Диас - 880, Нұрасыл - 837, Әлихан - 771, Мирас - 737, Максим - 674, Бейбарыс - 647, Артем - 638, Санжар - 626, Нұрислам - 624, Азамат - 608, Никита - 589, Кирилл - 569, Ислам - 560, Александр - 550, Нұрдәулет - 505, Дамир - 493, Руслан - 461, Даниил - 457, Әмір - 443, Арсен - 434, Дмитрий - 432, Әділет - 428, Бекзат - 421, Ернұр - 419, Алдияр - 415, Роман - 407, Илья - 399, Бекарыс - 391, Тимур - 388.

Қыздар арасында: Аружан - 1709, Кәусар - 1098, Аяулым - 1087, Диана - 905, Алина - 816, Әмина - 805, Мәдина - 762, Нұрай - 759, Айша - 721, Дарья - 689, Айзере - 667, Анастасия - 666, Сабина - 656, Жансая - 607, Жанерке - 607, Назерке - 583, София және Іңкәр - 573, Аяжан - 567, Айым - 563, Виктория - 561, Арайлым - 546, Мерей - 531, Анель - 503, Айдана - 495, Дильназ - 492, Милана - 474, Ақерке - 431, Екатерина - 426, Малика - 418.

Статистикалық мәліметтер бойынша, қаңтар-тамыз айларында республикада 244 292 бала дүниеге келді.