Нәресте мамандандырылған неонатологиялық медициналық авиация бригадасы дәрігерлерінің сүйемелдеуімен Павлодарға тез және қауіпсіз жеткізілді. Сол уақыт бойы ол кувезде болды. Әуежайда бала медициналық бригадаға тапсырылды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
12:09, 11 Ақпан 2022
Жаңа туған нәресте тікұшақпен Екібастұздан Павлодарға жеткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінім бойынша ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» Eurocopter H-145 тікұшағымен жаңа туған нәрестені Екібастұздан Павлодарға шұғыл тасымалдады. Бұл туралы Қазавиақұтқарудың баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин мәлімдеді.