Нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны Орал қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына шұғыл жатқызу қажет болды.
Әр секундтың маңыздылығын ескере отырып, БҚО ТЖД басшылығы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тікұшақты медициналық мекеменің аумағына қондыру туралы шешім қабылдады.
— ТЖМ ұшқыштарының жоғары кәсібилігінің арқасында шұғыл тасымал сәтті жүргізіліп, кішкентай науқас анасымен бірге денсаулық сақтау қызметкерлеріне аман-есен табысталды, — делінген хабарламада.
Айта кетелік нәрестені Өскеменнен Риддерге санавиациямен жеткізген еді.