Тұрмысқа жайлы тұрғын үйді сатуда баспананың 1 шаршы метрі қазан айында 184 851 теңгені көрсетіп отыр. Бұл баға осы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 0,2 пайызға, ал 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,3 пайызға қымбат. Ал тұрмысқа жайлы жасалмаған тұрғын үйдің бағасы 114 260 теңгені көрсеткен.
Ал Қазақстандағы тұрмысқа жайлы баспананың 1 шаршы метрін жалдап тұру бағасы өткен айда 1366 теңге болған (Тиісінше (-0,1 пайыз және 4,6 пайыз).