Жаңа уақыт жаңа міндеттер жүктейді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Бүгінгі таңда еліміздің алдында жаңа заман тудырған жаңа міндеттерді шешу тұр. Олардың ең бастысы - Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және мұнда белгіленген міндетті табысты іске асыруда басты рөл. Оған Парламенттің қатысуын талап етеді, дейді ҚР Президентінің Парламенттегі өкілдігі басшысының орынбасары Е .Құдайбергенов «Айқын» газетіне берген пікірінде.

«Осыдан бір жылдай бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам белгілеген болатын, оны іс жүзінде жүзеге асыру заң­намалық базаны уақтылы қалыптастыруға байланысты.Ұлт жоспары - бес инсти­туционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам, шешілуі Қа­зақстанның ішкі де, сыртқы да ахуалына әсер ететін елдің қоғамдық тыныс-тір­шілігінің  маңызды саласының өзекті мәселелерін қамтиды. Ұлт жоспарының басты ұстанымы барлық билік орган­да­рының әлеуметтік жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыс бастауы болып табылады. Бұл жұмыста жоғары заң шығарушы орган ретінде Қазақстан Парламентінің  елеулі рөл атқаратыны сөзсіз.  

Парламент Ұлт жоспарын іске асыру жолында 59 заң қабылдады.Бес инс­ти­туционалдық реформаның біріншісі қазіргі заманғы, кәсіби және дербес мемлекеттік аппарат құруға бағытталған, өйткені бұл елде жүргізілетін барлық реформаны табысты іске асырудың басты талабы. «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң­дардың қабыл­дануы осыған байланысты. Енді қызмет бабымен көтерілу белгілі бір құзыреттілік, төмен тұрған лауазымдардағы еңбек өтілінің болуы, біліктілікті ұдайы көтеріп отыру жағдайында ғана мүмкін болады. Осыған байланысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізудің үш кезеңі көзделіп отыр.  Бірінші кезеңде  конкурс бос орын бар мемлекеттік органның қызмет­керлері арасында өткізіліп,оған сәйкес келетін үміткерлер болмаған кезде конкурс басқа мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік қызметшілерінің арасында жарияланады. Егер осы екі конкурстың қорытындылары бойынша лауазымға тағайындау болмаса, онда барлық азаматтар арасында жалпы конкурс өткізілетін болады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі және сыртқы талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, қаржылық бақылау шараларын, тиісті адамдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында қайтымды байланыс орнатуды қамтитын жүйелі шаралар өткізілетін болады. 
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету -институционалдық реформаның екінші бағыты.
Азаматтық процестік кодекс пен оған ілеспе заңды қабылдау сот төрелігінің бес деңгейлісінен үшдеңгейлі жүйесіне көшу; адвокатураның рөлін арттырып, тараптар өкілдігі институтын жетілдіру; дауларды шешудің татуластыру рәсімдері мен балама тәсілдерін кеңінен қолдану; сот отырыстарын аудио- және бейнетіркеуді енгізу сияқты новеллалар үшін негіз болды.  Бұл ретте Кодекс барлық қазіргі заманғы базалық құқықтық институттарды сақтап қалады.  
Мемлекет басшысының соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға қолсұғылмаушылыққа кепіл болу жөніндегі өкілеттіктерін қамтамасыз ететін Жоғары Сот Кеңесі дербес мекеме мәртебесін алды, бұл судьялар корпусының сапалы құрамын жақсартуға жәрдемдесуге тиіс.  Жергілікті полиция қызметі, құқық қорғау органдары мәселелері мен құқық қорғау қызметін өткеру тәртібі бойынша қа­былданған заңдардың нормалары құқық қорғау органдары жүйесінде жоғары білікті кадрлар құрамын қалыптастыруға ба­ғытталған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосуды және полиция қызмет­керлерін іріктеу жүйесін жақсартуды көздейтін жекелеген нормалар мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда орын алған.  
Сот және құқық қорғау органдарын үздік кадрлармен қамтамасыз ету осы жүйедегі реформалардың басты басым­дықтарының бірі болып қала беретінін атап айту керек.   Бұдан басқа, «Қылмыстық құқық бұзу кар­тасы» мен құқық қорғау, арнаулы және өзге органдардың ақпарат алмасу жүйесінің интернет-порталын жасау үшін заңнамалық база қалып­тастырылды, мұның өзі қылмыс­тың алдын алу мен оны ашу жөніндегі жұмыстың тиімділігін көтереді.  
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңды қабылдау жекеше ин­весторларды тарта отырып  пенитен­циарлық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жұмысты бастауға мүмкіндік береді, ал сот шешімдерін орындау саласын заң­намалық реформалау жекеше сот орын­даушылары институтын одан әрі дамытуға және, әрине, сот орындау­шыларының мемлекеттік қызметін кезең-кезеңімен қысқартуға ықпал ететін болады Барлық осы шаралар халықтың барлық мемлекеттік құрылымға сенімін көтеруге бағытталған.  
Индустрияландыру және экономи­калық өсу мәселелері заңнамалық өзгерістердің анағұрлым көп бөлігін  қажет етті.Үкімет пен Парламенттің үйлестірілген іс-қимылының арқасында барынша қысқа мерзімде бірқатар маңызды қаржылық-экономикалық заңдар қабылданды, оларда бүгінгі күннің сын-қатерлерге жауап беретін жаңа реттеуші тетіктер орын алды. Осындай құжаттардың бірі Кәсіпкерлік кодексі болды,  осыған  орай кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді қоса алғанда, мемлекет пен бизнес субьектілері арасындағы қатынастарды реттейтін заңнама алғаш рет жүйеленіп,  оған оң өзгерістер енгізілді.  
Елдің ауыл шаруашылығы үшін  ауыл шаруашылық кооперативтері мен олардың ассоциациялары (одақтары) қызметінде, сондай-ақ органикалық өнім мен шикізатты өндіру, қайта өңдеу, сәйкестігін бекіту, таңбалау мен затбелгі жапсыру саласында туындайтын қатынастарды құқықтық  реттеу­ге бағытталған  «Ауыл шаруашылық коопера­тивтері туралы» және «Органикалық өнім өндірісі туралы» жаңа заңдарды қабылдау да аса маңызды болды.   «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының жұмыс істеуі үшін жаңа Конституциялық заң құқықтық негіз жасады, ол экономикаға жергілікті және шетелдік инвестицияларды тартуға, бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру, банктік қызметтер көрсетуді және исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ықпал ететін болады.  Бірқатар қабылданған заңдар мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне; жол-көлік инфрақұрылымын, көлік логистикасын дамытуға; елдің электр қуаты саласының тепе-тең әрі орнықты дамуын қамтамасыз етуге; қолайлы инвестициялық ахуал жасауға; дамыған елдер тәжірибесін ескере отырып елдің ұйымдасқан тауар на­рығын одан әрі дамытуға, сондай-ақ құрылыс сапасын арттыруға, құрылыс қызметінің тікелей қатысушыларының дербес жауап­кершілігін енгізуге бағытталған. Елде бас­талған мүлікті заңдастыру акциясы да бұл процесті жеңілдету мен оңайлату, ын­та­ландыру, сондай-ақ заңдастыру субьектілері үшін кепілдіктерді күшейту мақсатында заңнамалық түзетулерді талап еткенін атап өту керек.  Сонымен бірге, барлық жеке тұлғалардың кірістер мен мүліктерін алдағы уақытта декларациялауы салық салудың толықтығына бақылауды жүзеге асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға, көлеңкелі эконо­миканы азайтуға ықпал ететін болады.   Шаруашылық субьектілерін оңалту мен банкроттау рәсімдері, кедендік әкімшілендіру, салық саясаты, қаржы ұйымдары қызметінің шарттары, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсетуді тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау тетіктері заңнамалық жетілдірілді.  
Экономикалық өсудің ажырамас бөлігі халықтың әлеуметтік әл-ауқатының артуы болып табылады. Тиісінше әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру процесі жалғасуда. Мәселен, мемлекет басшысы Еңбек кодексінің жаңа редакциясына қол қойды.  Еңбек кодексіне салынған ымырашыл еңбек қатынас­тарының жаңа моделі еңбек келісімдері мен шарт­тарының рөлін арттыруға, еңбек қаты­настарында өзін өзі реттеу қағи­даттарын күшейтуге, жұмысшылардың мүдделерін, мемлекеттің, жұмыс беру­шілердің және жұмысшылардың әлеуметтік жауапкершілігін ескере отырып кәсіп­керлікті қолдауға бағытталған.   Денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауап­кершілігі тетігін енгізуге, медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру туралы» Заңды іске асырудан оң әсер күтілуде. Әлеуметтік басымдықтарға сәйкес азаматтардың жекелеген санат­тарына арналған әлеуметтік төлемдерді оңтай­ландыруды;  жәрдемақы алушыларды еңбекке орналастыруға ынталандыруға бағытталған табысы аз азаматтарды қолдаудың мем­лекеттік жүйесін рефор­малауды; мүгедектер мен халықтың басқа қозғалуы қиын топ­тарының еркін жүріп-тұруы үшін жағдайлар жасауды; көші-қон саясаты мен жұмыспен қамтудағы саясат саласында құқықтық және ұйымдас­тырушылық негіздерді жетілдіруді көздейтін заңдар қабылданды. Өз кезегінде, «Қайырымдылық туралы» жаңа Заң қайырым­дылыққа, демеушілікке және меценаттыққа зәру азаматтарға көмектесуге дайын адамдар қызметін ынталандыру үшін құқықтық жағдайлар жасайды.  Білім беру саласындағы негізгі новеллалар дуалды оқыту менбастапқы жұмысшы кәсібін алушы адамдарға тегін техникалық және кәсіби білім беруді мем­лекеттік кепілдендіруді енгізуге бағытталған.  Бұдан басқа, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ком­мерцияландыру туралы» Заңды қабылдау отандық ғылым саласының нәтижелілігіне, инновацияларды енгізу деңгейін арттыруға және жоғары тех­но­логиялық өндірісті дамытуға ықпал ететін болады деп болжанады. Институционалдық  рефор­малардың үшінші бағыты шеңберінде енгізілген құқықтық өзгерістерді тиісінше іске асыру елдің одан әрі экономикалық өсімін қамтамасыз етіп, халық өмірінің сапасын көтереді.  
Ұлт жоспарының «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының шең­берінде  мемлекеттік рәміздер туралы Конституциялық заңға, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңға және басқа  заңдарға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға бағыт­талған мемлекеттік саясаттың тұтастығын қалыптастыруды, сондай-ақ туризм индустриясын одан әрі жүйелі дамытуды, мәдениет пен тарихи-мәдени мұра сала­сындағы институционалдық жаңар­туларды көздейтін түзетулер енгізілді. 
Есеп беретін ашық мемлекетті қалып­тастыру мақсатында«Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік ту­ралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Өзін-өзі басқару туралы»бірқатар жаңа заңдар қабылданды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету; Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту; бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жекелеген заңдар толықтырылып, түзетілді. Қабыл­данған заңдар азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіруі мақсатында қоғамдық кеңестер құруға; өзекті мәселелерді шешуде төмен тұрған әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігін нығайтуға, жергілікті маңызды мәселелерді шешуде халықтың рөлін көтеруге; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­циясының жеке және заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуіне мүмкіндік берді.  Бұл ретте әрбір адамның заңмен тыйым са­лынбаған кез-келген тәсілменақпаратты еркін алу және тарату бойынша конс­ти­туциялық құқығын іске асыруы қамтамасыз етіледі. Өзін-өзі реттеу жекелеген қа­тынастарды мем­лекеттік реттеудің бала­масына айналады.  Өзін-өзі реттейтін ұйымдар құру өзін-өзі реттеуді жүзеге асыруға жұмсалатын мемлекет шығыстарын азайтуға, сондай-ақ реттеудің икемділігі мен нарыққа қа­тысушылар мүдделерін тиімді есепке алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Мемлекеттік аудит жүйесін қайта жаңарту, бюджеттік заң­наманы жетілдіру мем­лекеттік қаражат пен мемлекет активтерін пайда­ланудың тиімділігін көтереді.   
Қабылданған заңдардың көпшілігі тиісті жұмысты жергілікті жерлерде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап бастауға мүмкіндік берді.   
Ағымдағы жылғы наурыздан бастап жаңа шақырылымдағы Парламент жұмысқа кірісті, оның алдында Ұлт жоспары мен басқа да бағдарламалық құжаттарды заң­намалық қамтамасыз ету жөніндегі басталған жұмысты жалғастыру міндеті тұр», - деді ол.