Бүгін «Назарбаев Университетінің» студенттері мен оқытушыларының алдында дәріс оқыған Елбасы Н.Назарбаев осылай деді.
«Білім бүгінде - тек бедел ғана емес, ол - құндылық, жеке адамның және тұтас бір елдің табысының негізі. Жаңа университеттің еліміздің жаңа элитасын - Қазақстанның келбетін өзгертетін ХХ ғасырдың ғалым-мамандарын дайындауға серпін жасайтынына сенімдімін», - дейді Елбасы.