Жаңа үйлерді салған кезде жылу сақтайтын технологияларды пайдалану керек - Н.Назарбаев

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңа үйлерді салған кезе жылу сақтайтын технологияларды пайдалану керек, деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен кеңес барысында.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Арзан электр энергиясын үнемсіз пайдалану мемлекеттің электр қуатына, жылу мен суға төленетін тарифтерді қымбаттатуға итермелейді. Түсіндіру жұмыстарын өткізіп, энергияны қалай тиімді және үнемді пайдалануға болатынын көрсету керек», - деді Президент Алматыдағы кеңес барысында.

«Бүгінгі таңда республика бойынша электр жеткізуді есептейтін құрылғылар толықтай қамтылған. Алайда олардың басым бөлігі моралдық және физикалық түрде ескірген. Онымен қоса, электр қуаты, су, жылу үнемсіз пайдаланылады», - делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпарата.

«Қала электр энергиясы тапшылығын бастан кешіруде. Электр қуатынсыз өндірістер дами алмайды. Осыған байланысты Үкіметке Алматы әкімдігімен және «KEGOC» АҚ-мен бірлесе отырып, қаладағы СЭС-ке жақын жерден сарқырамалар салып және энергетика құрылғыларын одан әрі қайта жаңғыртудан өткізу жұмыстарын жалғастыру қажет», - деді Елбасы.

Президенттің атап өткеніней, көмір, мұнай және газ әлі де тиімсіз пайдаланылып келеді. «Қолымызда бар қорлар таусылады, сондықтан оларды үнемдеуді үйрену керек. Мүмкін болған жерде электр жарығын сақтайтын шамдарды орнатып, оларды пайдаға асыру керек», - деді Мемлекет басшысы.

«Осындай лампаларды пайдалануда Қарағандының тәжірибесін есепке алу керек, жылуды сақтауға мүмкіндік беретін арнайы шыны технологиялары бар. Осыны да жаңа құрылыс салуда есепке алу керек» - деді Елбасы.