Жаңа заң жобасы АХҚО юрисдикциясын кеңейтеді - Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің қазіргі нәтижелері мен перспективалары туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, ҚР бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтыңтікелей бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұлттықинвестициялық реформаның маңызды құрауыштарының бірі және еліміздіңэкономикалық өсімін жеделдетуге бағытталған. АХҚО бизнесті шетелдікинвестициялармен қамтуда және капиталға қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

АХҚО аумағында әлемдік қаржы құрылымдарының озықтәжірибелері ескерілетін ерекше құқықтық режим әрекет етеді.

Еліміздің қаржылық платформасын одан әрі дамытумақсатында, атап айтқанда қаржы орталығының құқықтық юрисдикциясын дамытумақсатында ҚР Үкіметінің мүшелері АХҚО туралы Конституциялық заңға өзгерістеренгізу жобасын мақұлдады.

Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасыныңнегізгі тұжырымдамасы - инвестордың және оның отбасы мүшелерінің ҚазақстанРеспубликасына бірнеше мәрте келу визасын алу мүмкіндігін ұсына отырып,шетелдік жеке тұлғалардың капиталын елге тарту.

Сонымен қатар, заң жобасында АХҚО органдарының еңбекқатынастарын және сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқығыбар екені қарастырылған.

Жаңа заңнамалық бастамалар тартымды инвестициялықахуал құруға және инвесторлар тарапынан сенім қатынастарын қалыптастыруға ықпалетеді.

«100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында 2015 жылы АХҚО туралы арнайыКонституциялық заң қабылданып, оның мақсаты, міндеттері мен қызметініңпринциптері анықталды. Осы Конституциялық заңға бүгін ұсынылып отырғантүзетулер Қаржы орталығының еліміздің негізгі қаржы платформасы ретінде жылдамқалыптасып, дамуына және оның юрисдикциясын инвестицияларды тарту мен қорғауүшін пайдалануға мүмкіндік береді», — дей келе ҚР Үкіметінің басшысы АсқарМамин, АХҚО қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.