Жаңа Зеландия астанасында пиццаны робот таратпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонда пиццаны жеткізетін роботты сынамақ.

Роботты Domino's Pizza компаниясының филиалы таныстырды. Жергілікті радионың хабарламауынша, бұл "пицца жеткізу бойынша әлемдегі бірінші автономды көлік".

Төрт доңғалақты роботты Австралияда құрастырған, оның жылдамдығы сағатына 18 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Пиццаны жеткізуші жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарымен жүру бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды interfax.ru.