Дельфиндердің басым бөлігі қырылып қалды, дегенмен жаппай құтқару операциясына қатысып жатқан еріктілер жүзге жуық дельфинді құтқарып қалды. Құтқарылған сүтқоректілер әлі де шығанақта жүзіп жүр. Ал қайықтағы құтқарушылар оларды ашық теңізге шығару үшін дұрыс бағыт сілтеуге тырысуда.
Жаңа Зеландияда киттер мен дельфиндер жағаға жиі шығып қалады. Әлі күнге дейін ғалымдар әлемнің түкпір-түкпіріндегі кит тәрізділердің өздерін жағаға лақтырып тастауының себебін таппай келеді. Анығы сол, егер бір дельфин өзін-өзі жағаға лақтырса, үйіріндегі өзге дельфиндер оған көмектескісі келіп, жағаға шығады.