АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның Голден-Бей айлағында 39 қара дельфин қайраңдап өлді, деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі.
Агенттіктің жазуына қарағанда, дельфиндердің қайраңдап қалғандығын жергілікті тұрғындар жексенбі күні кешкісін байқаған. Алайда оларды құтқаруға түн болып кетуіне байланысты тоқтатылған. Ал бүгін таңертең 12 дельфиннің өлі денесі табылды, ал қалғандарын құтқару мүмкін болмағандықтан өлтіруге тура келді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.