Оқиға өткен аптаның соңында орын алған. Жапондықтар кит аулаушылардың кемесінен өлтірілген киттің денесін балықты қайта өңдеу жүзгіш зауытына тиеуге кедергі жасамақ болған теңіз хайуанаттар әлемін қорғаушы Sea Shepherd кемесінің ізіне түскен.
Жаңа Зеландия өзінің экономикалық аумағында жапондық кит аулаушылардың жүргенін құптамағаны жөнінде белгі берсе де, олар табиғат қорғаушылар кемесінің соңынан қалмаған. Одан соң «Стив Ирвин» экологтар кемесі жапондық кит аулаушылардың кемесімен соқтығысып қалған. Экологтардың айтуынша, жапондықтар соқтығысуды әдейі ұйымдастырған.