Жаңа Зеландияда 7,0 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Жаңа Зеландия жағалауында, Тынық мұхитта магнитудасы 7,0 жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.

Оның дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі Л'Эсперанс Рок елсіз аралынан оңтүстік-шығысқа қарай 113 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзала ошағы 134 шақырым тереңдікте жатыр.

Зардап шегушілер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.