Эксклюзивтік туфли жұбын жасауға 50 сағаттан артық уақыт кетті. Әшекейлермен әрленген, әрқайсысы 21,18 караттан гауһармен әдіптелген бұл аяқ киім көздің жауын алатындай әдемі болып шықты.
Оның ұзын өкшесі таза алтыннан жасалды, оған 2 мың гауһар тас жұмсалды. Бұл аяқ киім Рональд Макдональдтың қайырымдылық аукционы үшін арнайы жасалған. Дизайнердің қауіпсіздігі үшін оның үйі күзетке алынған.
Дизайнерлер мен зергерлер асыл тастар мен металдардан осындай аяқ киімдерді үнемі жасап тұрады. 2011 жылы Бирменгемдегі көрмеде жұртшылыққа әлемдегі ең қымбат туфли ұсынылды - аяқ киім таза алтыннан жасалып, 2 мың 200 гауһар тастармен әдіптелді. Оның бағасы 140 мың фунт стерлинг (158 мың еуродан астам) болды.